World Boxing ресми түрде AIMS құрамына кірді

World Boxing ресми түрде AIMS құрамына кірді


Лозаннада Тәуелсіз танылған спорт түрлері альянсы (AIMS) кезектен тыс онлайн-ассамблея өткізді, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Сессияның басты оқиғасы — Халықаралық World Boxing федерациясының ұйым қатарына ресми түрде қабылдануы болды.

World Boxing-тің өтінімі SportAccord Атқарушы комитетінің жан-жақты тексерісінен өтіп, кейіннен Мүшелік комиссиясында қаралды. Комиссия федерацияның барлық қажетті талаптарға сәйкес келетінін растады.

SportAccord-тың оң қорытындысынан кейін, World Boxing-ті қабылдау туралы ұсынысты AIMS Кеңесі мен оның мүшелері мақұлдады. Осылайша World Boxing AIMS спорт қауымдастығының бір бөлігіне айналды. Бұл — Федерацияның дамуындағы маңызды кезең.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или