«Странджа кубогы»: Қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Софияда (Болгария) дәстүрлі түрде «кіші әлем чемпионаты» саналатын бокстан «Странджа Кубогы» 76-шы халықаралық турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы еш қиындықсыз ширек финалға шықты. 63,5 келі салмақта 1/8 финалда грузин Саба Ткебучавамен кездесті. Үшінші раундқа дейін жекпе-жек тоқтатылып, қазақстандық техникалық нокаутпен жеңімпаз деп танылды.
Айта кетейік, бұл салмақта қазақстандық Ертуған Зейнуллинов та бар. 63,5 келі салмақта 1/8 финалда болгариялық Владислав Лисовимен кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Ертуғанның пайдасына аяқталды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или