Ертуған Зейнуллинов кіші әлем чемпионатында болгар боксшысын жеңді

Ертуған Зейнуллинов кіші әлем чемпионатында болгар боксшысын жеңді

Софияда (Болгария) дәстүрлі түрде «кіші әлем чемпионаты» саналатын бокстан «Странджа Кубогы» 76-шы халықаралық турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ертуған Зейнуллинов ширек финалға шықты. 63,5 келі салмақта 1/8 финалда болгариялық Владислав Лисовимен кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Ертуғанның пайдасына аяқталды.

Айта кетейік, Зейнуллинов сонымен қатар курьер болып жұмыс істейді, ол туралы сұхбаттарының бірінде айтқан. Бұған боксшының өткен жылғы ел чемпионатында жеңіліп, ұлттық құрамадан шығып қалуы себеп болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или