«Странджа кубогі»: Үш қызымыз жеңіп, біреуі жеңілді

«Странджа кубогі»: Үш қызымыз жеңіп, біреуі жеңілді

Бүгінгі «Странджа» турнирін боксшы қыздар бастады. Ұлттық құрама сапында шаршы алаңға шыққан 4 боксшы қызымыздың 3-і жарысты жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 келіге дейінгі салмақта Гүлнар Тұрапбай ағылшын Оакли Келсиді айқын ұтып шықты. Одан кейін шаршы алаңға көтерілген Айдана Жабынбекова (-57 кг) хорват қызынан 4:1 есебімен басым болды. 63 келіге дейінгі салмақта Аружан Жаңабаева да қарсыласына мықтылығын мойындатты.

Ал Анастасия Баязитова (-75 кг) Қытай елінің боксшысынан айласын асыра алмады.

Сондай-ақ, 51 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Бекзат Алдамжаров 1/4 финалда франциялық Ники Кумингске жол берді. Есеп – 4:1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или