Батысқазақстандық самбошылар АЧ-да 6 алтын олжалады

Батысқазақстандық балуандар Атырау қаласында самбодан және әскери самбодан өткен Азия чемпионатынан алты алтын, үш күміс медаль иеленді.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, әйелдер арасында А.Орынғалиева 60 келі салмақта жеңіс тұғырына көтерілсе, жастардан А.Отарбай (64 кг) мен Ә.Телемгенова (52 кг), жасөспірімдерден Г.Серікова (48 кг) чемпион атанды. Ерлер арасында самбодан Б.Жарылғасов (68 кг), А.Ғабдешев (74 кг), Б.Райымқұлов (52 кг) күміс жүлдегер атанса, әскери самбодан Қ.Сұпығалиев 62 келіде топ жарды. Сондай-ақ А.Ғайнуллин жасөспірімдер арасында 70 келіде ешкімді шақ келтірген жоқ.

Әуелден самбо спорты жақсы дамыған Батыс Қазақстан облысының балуандары осынау табыстарын Тәуелсіздік тойына арнады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или