Сұлтан Зәурбек Жәнібек Әлімханұлымен бір бокс кешінде өнер көрсетеді
Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәурбек (19-0-0, 13 КО) 5 сәуірде Астанада рингке оралады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Кештің басты жекпе-жектерінің бірінде өнер көрсететін қазақстандық боксшысының қарсыласы оңтүстік африкалық Азинга Фузиле (18-2-0, 12 КО) болады. Он раундқа есептелген кездесу екінші жартылай жеңіл салмақта өтеді.

Айта кетейік, кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0-0, 11 КО) франциялық Анауэль Нгамиссенгемен (14-0-0, 9 КО) кездеседі.
Азинга Фузиле бұған дейін екінші жартылай жеңіл салмақта IBF Inter-Continental титулының иегері болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или