Бүгін «Странджа» турнирінде төрт боксшымыз өнер көрсетті

Бүгін «Странджа» турнирінде төрт боксшымыз өнер көрсетті

Бүгін Болгарияда өтіп жатқан халықаралық «Странджа» турнирінің алғашқы жарыс күнінде төрт боксшымыз шаршы алаңғы шықты, деп хабарлайды Prosports.kz 

Қазақстандық боксшы Дәулет Молдашев бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Болгариядағы «Странджа» турнирін бірінші болып бастаған Дәулет әзербайжандық Залимхан Сулеймановқа жол берді. 57 кг дейінгі салмақта жарысты қарсыласы жалғастырады.

Бұл салмақта енді Оразбек Асылқұлов бар. Ол 1/4 финалда Уэльс елінің боксшысы Овейн Харрис-Алленмен жұдырықтасады.

67 кг дейінгі салмақта рингке көтерілген Санатәлі Төлтаев болгар боксшысы Мехмед Эмирджанмен жұдырықтасты. Отандасымыз үш раундта да мықтылығын мойындатып шықты. Есеп – 5:0.

Ал, Серік Теміржанов (60 кг) пен Төрехан Сабырхан (67 кг) жекпе-жексіз келесі кезеңге өтті. Өзбектан боксшыларыы жекпе жектен бас тартқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или