Теннистен ел чемпиондары анықталды
Іңкәр Дүйсебай алғаш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті, ал Григорий Ломакин чемпиондық атағын қорғап қалды,
Астанадағы «Дәулет» теннис орталығында ересектер арасында Қазақстанның қысқы теннис чемпионаты мәресіне жетті.
Қыздар арасында алтын медаль үшін өткен финалда Альбина Какенова мен Іңкәр Дүйсебай кездесіп, тартысты ойын көрсетті. Бір жарым сағатқа созылған матчта Інкәр Альбинаны 6:4, 7:5 есебімен жеңіп, алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды.
Осылайша, 18 жастағы теннисші Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.
Қола медаль үшін өткен кездесуде Аружан Сагандыкова Ева Корышеваға қарсы тамаша өнер көрсетіп, 3:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или