Бублик ТОП-50-дегі орнын жоғалтты

Бублик ТОП-50-дегі орнын жоғалтты

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп жазады Prosports.kz.

Әлемнің бірінші нөмірі атағын италиялық Янник Синнер сақтап қалды, одан кейін неміс Александр Зверев пен испан Карлос Алькарас тұр.

Қазақстандық мықты теннисші Александр Бублик үш орын төмен сырғып, үздік 50-дің қатарынан шығып қалды. Ол қазір 51-ші орында. Александр Шевченко сегіз позицияға көтерілді - 95-ші. Михаил Кукушкин мен Тимофей Скатов төрт сатыға көтеріліп, сәйкесінше 139 және 182-орындарға жайғасты.

Жұптық сайыста бірінші орынды сальвадорлық Марсело Аревало мен хорватиялық Мэте Павич бөліссе, үшінші орынды британдық Генри Паттен иеленді.

Қазақстандық Александр Недовесов төрт орын жоғалтып, 69-шы орында тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или