Каллум Смиттен жеңілген боксшы ауруханаға түсіп қалды
22-23 ақпанға қараған түні Сауд Арабиясында өткен Бивол – Бетербиев 2 бокс кешінде жартылай ауыр салмақта WBO нұсқасы бойынша уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл кездесуде британдық боксшылар Каллум Смит (31-2, 22 КО) пен жеңіліс көрмеген Джошуа Буатси (19-1, 13 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен Смит жеңіске жетті. Ол рингте қайсар мінез көрсетіп, мықты төзімділігімен көзге түсті.
Алайда айқастан кейін британдық спортшы көзінен алған жарақатына байланысты Эр-Риядтағы ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, Каллум Смит 2024 жылдың қаңтарында Артур Бетербиевпен жұдырықтасып, жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или