Бокс. Бетербиев - Бивол арасындағы үшінші жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды
Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы үшінші жекпе-жек осы жылдың соңына дейін өтуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Үшінші жекпе-жек міндетті түрде қажет. Біз оны алдын ала талқыладық. 2025 жылдың соңына дейін өткіземіз», - деді промоутер Боб Арум.
Бокшылардың екінші жекпе-жегі 22 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтті. Жекпе-жек 12 раундқа созызып, төрешілер шешімімен Биволдың пайдасына аяқталды (114-114, 116-112, 115-113). Бұл Бетербиевтің мансабындағы алғашқы жеңілісі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или