«Канело» Бетербиев пен Бивол арасындағы жекпе-жекке қатысты өз болжамын жасады

«Канело» Бетербиев пен Бивол арасындағы жекпе-жекке қатысты өз болжамын жасады

Сауль «Канело» Альварес Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жекке қатысты өз болжамын жасады, деп жазады Prosports.kz 

Екінші орта салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 КО) WBA және IBO нұсқалары бойынша бұрынғы әлем чемпионы ресейлік Дмитрий Бивол (23-1, 12 KO) мен жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы канадалық-ресейлік боксшы Артур Бетербиев (21-0, 20 KO) арасындағы реванш туралы айтты

«Екеуі де құрметке лайықты боксшы. Мен жекпе-жектің белсенді болғанын қалаймын, өйткені олар бір-бірін жақсы зерттеді. Мен нокаут болады деп сенемін», — деді Альварес.

2024 жылдың қазан айында Бетербиев IBF, WBC, WBO белбеулерін қорғап, Биволды төрешілер шешіммен жеңіп, WBA Super және IBO титулдарын алған еді. Бетербиев жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы атанды.

Бивол — Бетербиев арасындағы екінші жекпе-жек 23 ақпанда Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Kingdom Arena-да өтеді. Жекпе-жектің шамамен басталуы — Қазақстан уақыты бойынша сағат 02:45-те.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или