Ангелина Лукас 20 күнде үш жекпе-жек өткізді

Ангелина Лукас 20 күнде үш жекпе-жек өткізді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (13-1, 6 КО) 20 күн ішінде үшінші жекпе-жегін өткізіп, оны да жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Ол боливиялық Есения Токомен (1-0, 0 КО) жұдырықтасқан болатын.

Жекпе-жек Стамбұлда өтті және сегіз раундқа (2 минуттан) жоспарланған. Алайда, екінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Лукастың соққылар сериясына шыдамаған Токо жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы он төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ал, оның боливиялық қарсыласы алғаш рет жеңілді.

Лукас қаңтардың 31-нен бері үш жекпе-жек өткізіп үлгерген. Алғашында ол Мәскеуде нигериялық Айисат Ориомиді, артынша венесуэлалық Джоана Зуниганы жеңді.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или