Бетербиев пен Бивол реваншы басқа аренада өтеді
Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол арасындағы реванш басқа аренада өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Boxing Scene сайтының хабарлауынша, ұйымдастырушылар жекпе-жек өтетін орынды 25 000 орындық Kingdom Arenaдан 6 000 адам сыятын Venue Riyadh стадионына ауыстырған. Ауысу себебі жақсы атмосфераны құру үшін екені атап өтілді.
Реванш 22 ақпан, сенбі күні Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. 2024 жылдың қазан айында Эр-Риядта өткен алғашқы жекпе-жекте Бетербиев төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или