Елена Рыбакина Дубай турнирінде қанша табыс тапты?
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Дубайдағы (БАӘ) турнирде қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемнің 7-ракеткасының қарсыласы 17 жастағы ресейлік теннисші Мирра Андреева болды. Ол карьерасында алғаш рет WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шыққан болатын.
Бұл кездесуде Рыбакина 4:6, 6:4, 3:6 есебімен қарсыласына жол беріп, турнирдегі өнерін аяқтады. Жартылай финалға шыққаны үшін Елена Рыбакина 181 400 доллар сыйақы және 390 ұпай алады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Рыбакина жапониялық Моюка Утидзиманы 6:3, 6:2, испаниялық Паула Бадосаны 4:6, 7:6, 7:6 және америкалық София Кенинді 6:2, 7:6 есебімен жеңген болатын.
17 жастағы Андреева ширек финалда әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекті 6:3, 6:3 есебімен жеңген еді.