«Қайрат» бас бапкері оқу-жаттығу жиындарындағы сәтсіз нәтиже туралы пікір білдірді
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Оразбахтин Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында команда жеңіске жете алмауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жиындарда біз басқа мақсаттарды көздедік. Жеңіс маңызды, бірақ біз үшін ойынның мазмұны маңыздырақ болды.
Атқарылған жұмысқа көңіліміз толады. Барлық жеңістерді чемпионатқа сақтадық деп ойлаймын», — деді маман.
Еске салайық, Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында «Қайрат» бірде-бір жеңіске жете алмады. Команда бес матчта жеңіліп, екі кездесуде тең түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или