Айдос Ербосынұлы кәсіби мансабына қатысты мәлімдеме жасайды

Айдос Ербосынұлы кәсіби мансабына қатысты мәлімдеме жасайды

Айдос Ербосынұлы кәсіби мансабына қатысты мәлімдеме жасайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

WBO Global және WBC Азия чемпионы титулдарының иегері, сондай-ақ супер орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына үміткер болған қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) рингке қайта оралуы мүмкін бе? Sportnews.kz тілшісімен болған сұхбатта танымал спортшы бұл сұраққа жауап берді.

«Соңғы жекпе-жегімнен бері көп уақыт өтті. Менің ойымда жүрген белгілі бір жоспарларым бар. Мен жақын арада кәсіби мансабым туралы маңызды хабарландыру жасаймын. Ин ша Алла, жақсы жаңалық күтіңіздер», - деді боксшы.

Айдос Ербосынұлы кәсіпқой рингте 17 жекпе-жек өткізіп, оның 16-сында жеңіске жеткен. 11 қарсыласын нокаутқа түсірген болатын. Соңғы жекпе-жегін Айдос Ербосынұлы 2022 жылы өткізген. Кубалық Дэвид Морелламен болған кездесуде ол нокаутпен жеңіліп, ауруханадан бір-ақ шыққан болатын. Артынша миына қан құйылғаны анықталып, мәжбүрлі түрде кома халіне түсірілді. Содан бері ол боксқа қайта оралу туралы ойын бірнеше рет айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или