Дмитрий Попко АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (АТР рейтингінде 206-орын) Неапольдегі (АҚШ) ITF турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Попко екі сетте америкалық Филип Джорданды (1144-орын) 6:3, 6:3 есебімен сенімді жеңіп,турнирдің ширек финалына шықты. Ширек финалда Дмитрийдің қарсыласы тағы бір америкалық теннисші Кэннон Кингсли (560-орын) болады.
Бұған дейін турнирдің басында Дмитрий Попко америкалық Киан Вакилиге (2017-ші орын) мүмкіндік қалдырған жоқ - 6:2, 6:1. Қазақстандық теннисші турнирдің басты фавориті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или