Бақтияр Артаев: «Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын десек, өткенімізді ұмытпайық»

Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев барша Қазақстан халқын еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

ҚазАқпаратқа берген сұхбатында Бақтияр Тәуелсіздік мерекесінің басқа мейрамдардан маңыздырақ екенін айтты.

«Барша отандастарымды осы Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Мереке құтты болсын... Бірақ бұл жай бір-бірімізді сұлу сөздермен, жылы лебіздермен қуантып қоя салатын мереке емес. Тәуелсіздіктің біз үшін орны ерекше, жөні бөлек мереке. Бұл мереке басқа мерекелерге ұқсамайды. Мәні де, маңызы да басқаша. Себебі, осы Тәуелсіздікті аңсаған ата-бабаларымыз ғасырлар бойы қолына найза алып, қанын төгіп, жанын беріп қол жеткізген ұзақ жылдардың жемісі екенін естен шығаруға болмайды. Бұл 16 желтоқсандағы Қайрат, Ләззат бастаған қазақтың қаршадай қыз-жігіттерінің қаһарының жемісі. Ақ қар, көк мұзда тәнін жалаңаштап, жанын итке талатса да рухы биік, намысы берік ұлтжанды жастарымыздың жанайқайының жемісі. Сол үшін Тәуелсіздік күні тек қана тойлатып қана қоймай, осы Тәуелсіздік үшін аянбай жанын берген қаһармандар рухына тағзым етіп, олардың басына барып, құран бағыштап, батырларымызға лайықты құрмет көрсететін мереке. Бұл мереке - тойлау алдында адамға үлкен ой салатын мереке! Сондықтан Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын десек, өткенімізді ұмытпайық. Бұл ұлы - мереке! Бұл - қасиетті мереке! Тәуелсіздік ұзағынан болсын!»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или