Илья Ильин: «Мен Қазақстанды сүйемін! Тәуелсіз Қазақстан жасасын!»

Қазақстандық зілтемірші Илья Ильин барша Қазақстан халқын еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

ҚазАқпаратқа берген сұхбатында екі дүркін Олимпиада чемпионы биылғы жеңістерін Тәуелсіздік күніне арнайтынын мәлім етті.

«Мен Қазақстанды сүйемін! Тәуелсіз Қазақстан жасасын! Тәуелсіздік күні құтты болсын! Барша қазақстандықтар отбасыларыңда тек жақсылықтар көп болсын... Мен кеше ғана Тәуелсіздік мерекесіне керемет сыйлық жасадым. Грозный қаласында өткен ауыр атлетика бойынша Ресей Федерациясы Президентінің Кубогы үшін бесінші халықаралық турнирде 2 мәрте әлем рекордын жаңарттым. Осы жеңісім, осы қуанышымды мен Тәуелсіздік күніне арнадым. Мен елімізді, ел басқарып отырған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты осындай рекордтарыммен қуанта бергім келеді. Барша қазақстандықтар, мереке құтты болсын!», - деді қазақстандық чемпион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или