Рыбакина Дубайда қанша табыс тапты?
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 7-орында) Дубайдағы (БАӘ) турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Proports.kz.
Ширек финалда Рыбакина әлемнің 56-ракеткасы америкалық София Кенинді 6:2, 7:6 есебімен жеңді. Жартылай финалда оның қарсыласы ресейлік Мирра Андреева (14-орын) болмақ.
Елена жартылай финалға шыққанының арқасында 181 400 доллар мен 390 рейтингтік ұпайға ие болды. Егер финалға өтсе, 351 800 доллар мен 650 ұпай алады. Ал турнирде топ жарған жағдайда 597 000 доллар мен 1000 ұпай еншілейді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или