Ресейдің ауыр атлетика федерациясы Қазақстаннан кешірім сұрады

Ресейдің ауыр атлетика федерациясы Қазақстаннан кешірім сұрады

Грозныйда өткен Ресей Федерация Президенті Кубогы үшін турнирде қазақстандық зілтеміршілер Илья Ильин мен Александр Зайчиковты марапаттау кезінде Қазақстанның ескі әнұраны шырқалған болатын.

Ресейдің ауыр атлетика федерациясы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атына хат жолдап, аталмыш оқиғаға байланысты бүкіл Қазақстан халқының алдында кешірім сұрайтындарын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, 13 желтоқсанда Грозный қаласында өткен ауыр атлетика бойынша Ресей Федерациясы Президентінің Кубогы үшін бесінші халықаралық турнирде ерлер арасында 105 келіге дейін салмақ дәрежесінде бақ сынаған Илья Ильин 2 мәрте әлем рекордын жаңартып, жеңімпаз атанған болатын. Тағы бір спортшымыз Александр Зайчиков күміс медаль иеленген еді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұраны ойналғанын аңғарып қалған Илья жарысты ұйымдастырушылар мен марапаттауға шыққан азаматтарға бұл ескі әнұран екенін айтты. Кейін еліміздің жаңа әнұраны қойылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или