Ангелина Лукас келесі жекпе-жегінің алдында күтпеген қиындықтарға тап болды

Ангелина Лукас келесі жекпе-жегінің алдында күтпеген қиындықтарға тап болды


Әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (13-1, 6 КО) Түркия астанасында өтетін жекпе-жегінің алдында қиын жағдайға тап болды. Оның бастапқыда жоспарланған қарсыластары виза ала алмай, жекпе-жекке шыға алмайтын болды.

“Бұл мен үшін өте үлкен стресс болды, өйткені екі қарсыласым виза ала алмады. Бірі Ганадан, екіншісі Мексикадан. Бұл туралы соңғы сәтте білдік, сондықтан маған Боливиядан жаңа қарсылас ұшып келеді. Ол қазірдің өзінде Стамбұл әуежайына қонып жатыр, ал мен баспасөз мәслихатында және салмақ өлшеу рәсімінде тұрмын. Менің ойымша, бұл қызықты жекпе-жек болады, өйткені ол өз елінде әуесқой бокстан чемпион атанған боксшы”, – деді Лукас.

Ангелина Лукас соңғы уақытта аса белсенді өнер көрсетіп жүр. Бұл жекпе-жек 21 ақпан күні өтеді және оның бір айдағы үшінші айқасы болмақ. 31 қаңтарда Лукас Мәскеуде өткен турнирде нигериялық Лейлек Оригамиді мерзімінен бұрын жеңді. 9 ақпанда Венесуэладан келген Джоана Сунигиді төрешілер шешімімен ұтып, кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Дереккөз: sports24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или