И.Тасмағамбетов әскери спортшыларды марапаттады

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар әскери спортшыларын марапаттады.

Бұл шарада Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов өзі қатысып, 2015 жылы халықаралық сайыстарда ерекшеленген Армияшылардың орталық спорт клубының спортшыларына ақшалай сертификаттар табыс етті. Мекеме басшысы марапаттау барысында үстіміздегі жылда өткен спорттық сайыстардың арасынан екеуін ерекше атап өтті – Мәскеу қаласындағы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер достастық армияларының алғашқы әскери-спорттық ойындары және Кореяның Мунген қаласында өткен VI Дүниежүзілік жазғы армиялық ойындары. Айта кетейік, олардың қорытындылары бойынша армиялық спортшылар 51 медаль иеленді, оның 11-і алтын болған еді. «Мұның үлкен жетістік екені сөзсіз. Алайда, еліміз үшін анағұрлым нәтижелі бірқатар ірі әлемдік біріншіліктер болды. Онда біздің армияшыларымыз ғана алдағы 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға 5 лицензия ұтып алды. Олар – капитан Ольга Рыпакова, ефрейтор Михаил Красилов, аға сержант Біржан Жақыпов, 3-сыныпты сержант Евгений Алексеев және қызметкер Юрий Юрков. Сіздер шынымен де мақтауға лайықсыздар. Сіздерге қарап барша Қазақстанның жастары бой түзейді және сіздер арқылы нағыз әскери спортты танып-біледі», деді И.Тасмағамбетов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или