Әлемнің бірінші ракеткасы Дубайдағы турнирдегі жорығын аяқтады

Әлемнің бірінші ракеткасы Дубайдағы турнирдегі жорығын аяқтады

Әйелдер теннисінің көшбасшысы, Беларусь спортшысы Арина Соболенко күтпеген жерден Dubai Duty Free Tennis Championships турнирінің 1/8 финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол әлемдік рейтингте 38-орында тұрған даниялық Клара Таусонға қарсы ойында сәтсіз өнер көрсетіп, 2:0 (6:3, 6:2) есебімен есе жіберді.

Кездесу бар жоғы 1 сағат 23 минутқа созылды.

Бұл жеңістің арқасында Таусон ширек финалға шықты. Ол келесі кезеңде чехиялық Линда Носковамен кездеседі. Айта кетейік, дәл осы Носкова турнирдің алғашқы айналымында қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваны жарыс жолынан шығарған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или