Рыбакина Дубайдағы турнирдің ширек финалында жеңісті жұлып әкетті

Рыбакина Дубайдағы турнирдің ширек финалында жеңісті жұлып әкетті

Қазақстанның бірінші және әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA Dubai турнирінің 1/8 финалында әлемдік рейтингте 10-орында тұрған испаниялық Паула Бадосамен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл матчта қазақстандық теннисші жеңіске жетті.

Алғашқы сетте Бадоса 6:4 есебімен басым болды, бірақ екінші сетте Елена керемет табандылық танытып, жеңісті жұлып алды – 7:6 (10-8). Шешуші сет те тартысты өтті, нәтижесінде қазақстандық теннисші мықтылығын көрсетті – 7:6 (7-2).

Ширек финалда Рыбакина әлемдік рейтингте 56-орында тұрған америкалық Софья Кенинмен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или