«Ұлытау» сапына украиналық жартылай қорғаушы қосылды

«Ұлытау» сапына украиналық жартылай қорғаушы қосылды

Жезқазғандық «Ұлытау» украиналық жартылай қорғаушы Ярослав Тереховты қатарына қосқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ярослав Терехов - «Ұлытау» футбол клубының ойыншысы!

Украиналық ойыншы Ярослав Терехов алдағы маусымда «Ұлытау» сапында өнер көрсетеді.

Жасы: 25-те
Позициясы: Орталық қорғаушы
Бойы: 188 см

Ярослав украиндық «Юбилейный» футбол академиясының түлегі. Ярослав Терехов өз мансабында Украинаның «ВПK-Агро», «Никополь» және «Энергия» командаларында, латвиялық «Спартак Юрмала» клубында доп тепкен. Соңғы екі маусымда Ярослав Молдованың «Милсами» клубының жейдесінде 54 ойын өткізіп, 2 гол соққан», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или