Қазақстанда танымал футболшы ресми түрде карьерасын аяқтады
Украиналық хавбек Максим Драченко Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Иә, карьерамды аяқтадым. Қалай болғанда да, уақыт келді. Енді жаңа бірдеңені үйрену керек. Әзірге өзімді іздеп жүрмін. Көкшетауда балаларды жаттықтыра бастадым. Бұл бағытта не шығатынын көрейік», – деді болашақ бапкер.
35 жастағы Драченко 2018 жылдан бері Қазақстанда «Қызылжар», «Оқжетпес» және «Шахтер» клубтарында ойнады. ҚПЛ-да өткізген 84 матчта 8 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. 2024 жылғы маусымда – 6 ойынға қатысып, нәтижелі әрекеттермен көзге түсе алмады.
Transfermarkt футболшыны 50 мың еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или