Бокс. Данияр Елеусіновтың қарсыласы қашан белгілі болады?
Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 28 ақпанда Астанада өтетін бокс кешінде жұдырықтасуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz
Жекпе-жекке 10 күн қалды, бірақ ұйымдастырушылар Елеусіновтің қарсыласының есімін әлі жариялаған жоқ. Жағдайды Boxing Stars компаниясының басшысы Зия Әлиев түсіндірді.
«Даниярдың жекпе-жегі өтпеуі мүмкін бе? Әрқашан да тәуекел бар. Елеусінов денсаулығына байланысты жаттығуға кірісе алмай қалған кезі болды. Қазір бәрі жақсы. Кейбір таңдаған қарсыластарымыз жекпе-жекке қатыспайтын болды. Қарсыласты жақын арада, бір-екі күннен кейін жариялаймыз», — деді Зия Әлиев.
Еске салайық, Данияр Елеусінов бұған дейінгі жекпе-жегін 28 қыркүйекте Алматыда өткізіп, бесінші раундта филиппиндік Джо Нойнайды (23-5-2, 11 КО) мерзімінен бұрын жеңді.