Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді жеңіспен бастады
Бүгін Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан WTA-1000 турниріндегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рыбакина екінші айналымнан бастап, әлем рейтингінде 62-орында тұрған жапониялық теннисші Моюки Утидзимамен кездесті.
Кездесу де 6:3, 6:2 есебімен Елена жеңіске жетті.
16 ақпанда басталған турнир 22 ақпанға дейін жалғасады. Жарыстың жүлде қоры 3,6 миллион доллар. Жеңімпаз 597 000 доллар жинап, 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или