Қазақстан Әнұраны бойынша түсініктеме хаттар барлық шетел елшіліктеріне жолданды

Қазақстан Әнұраны бойынша түсініктеме хаттар барлық шетел елшіліктеріне жолданды

Ірі спорттық жарыстарда Қазақстан Әнұранына қатысты туындаған олқылықтардан кейін, арнайы түсініктеме хаттар Қазақстанда тіркелген барлық шетел елшіліктеріне жолданды.

Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлім етті.

«Қазақстанда соңғы 2-3 жылдың ішінде ауыр атлетикадан, бокстан, дзюдодан әлем чемпионаттары мен Азия біріншіліктері және халықаралық гран-при жарыстары өтті. Біздің елде өткен шараларда бірде-бір рет қатысушы мемлекеттердің Әнұранына қатысты дау-дамай туған емес. Меніңше, бұл ұйымдастырушы мемлекетке байланысты. Біз ешкімнің көңілін қалдырмау үшін осы мәселедегі жұмыстарды өте мұқият атқарамыз», - деді С.Мұсайбеков.

Оның айтуынша, Қазақстан Әнұранына қатысты түсініктеме хаттар барлық шетел елшіліктеріне жолданды.

«Ірі спорттық жарыстарда Қазақстан Әнұранына қатысты туындаған олқылықтардан кейін, арнайы түсініктеме хаттар Қазақстанда тіркелген барлық шетел елшіліктеріне жолданды. Ол туралы біз өзіміздің бапкерлермен және спортшылармен сөйлестік, барлығы оны біледі. Бірақ ұйымдастырушылардан қате кетіп жатады. Мүмкін сол елдегі білім беру деңгейінің төмендігі болса керек, олар әлем рекордын жаңартып, олимпиада медальдарын жеңіп алып жатқан спортшылардың мемлекеттік Әнұрандарын тексермейді. Барлығы ұйымдастырушыларға байланысты», - деп кесті вице-министр.

Еске сала кетейік, биыл Қазақстан Әнұранына қатысты үш бірдей қателік кетті. Алдымен қараша айында «барыс» Йокерит» матчында ескі Әнұран шырқалса, дәл осындай жағдай Грозныйда ауыр атлетикадан өткен РФ президенті кубогінде Илья Ильин және Загребте Денис Тенмен орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или