«Кәсіп түбі – нәсіп». Болашақ чемпиондар шыңдалуда

«Кәсіп түбі – нәсіп». Болашақ чемпиондар шыңдалуда

«PROСПОРТ» тілшісі шет елдерде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшылардың мүмкіндіктерін зерттеп көрді.

Өткен аптада үш бірдей қазақстандық кәсіпқой боксшымыз Америка мен Еуропада кездесулерін өткізіп, үшеуіде басымдықпен жеңіске жетті. 27-жастағы Мадияр Ашкеев Калифорнияның Грендэйл қаласында өзінің кәсіпқой рингтегі бірінші кездесуін өткізіп, 28-жастағы америкалық Тэворис Тиджді екінші раундта техникалық нокаутпен ұтты. Тағы бір жерлесіміз 26-жастағы Азиз Избакиев Хьюстон қаласында Джошуа Крэйтонды тізе бүктіріп, кәсіби мансабындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Қандасымыз Бекман Сойлыбаев болса Украинаның Киев қаласында грузиялық Кахабер Авитесянды ұпай санымен ұтты. Осылайша, 26-жастағы боксшы өзінің 7-ші кездесуінде қолды көкке көтерді. Әзірге бұл боксшылардың есімі Қазақстан тұрғындарына аса таныс емес шығар. Бірақ болашақта олардан Головкин сияқты үлкен чемпион шығып жатса, қазірден бастап есімдерін жаттап, жетістіктерін бақалап жүрейік.

Кәсіпқой бокстағы алғашқы чемпионымыз Василий Жировтың ізін басқан боксшыларымызда мұхит асты. Соңғы кездері, кәсіпқой бокста қазақстандық боксшылардың саны көбейіп келеді. Бұған сөссіз Геннадий Головкин мен Бейбіт Шүменовтің жеңістері себеп болғаны анық. Бәрінің жолы болмаса да, сол тізімдегі бірнеше отандасымыз чемпиондық жекпе-жектер өткізуге ақырындап жақындап келе жатқаны анық. Яғни, Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов болашақта міндетті түрде негізгі төрт нұсқаудың біреуіне болсын таласытынына күмән жоқ. Бірақ сондай-ақ, кәсіпқой рингте жеңіліп жатқан боксшыларымыз да көріп жүрміз. Оңтүстік Африка Республикасына қоныс аударған Роман Жайлауов қатарынан екі кездесуінде жергілікті боксшылардан жеңіліс тапты. Тіпті екінші жекпе-жегін техникалық нокаутпен ұтылды. «Екінші Головкин» деген атаққа ие болған Радмир Ахмедиев те өзінің соңғы кездесуінде нокаутпен ұтылды. Есесіне, қалған боксшыларымыз әзірге жеңісті жолдарын сәтті жалғастырып келеді. Бұл тұрғыда Жанат Жақияновтың мүмкіндіктері көз қуантады. Қызылжар тумасы WBA уақытша белбеуінің чемпионы атанып, алдағы жылы аталмыш тұжырымның негізгі чемпионы атанады деген сенімдеміз. Сондай-ақ, WBA бойынша уақытша чемпионымыз Бейбіт Шүменов келер жылдың қаңтар айында польшалық Кшиштоф Влодарчикпен жұдырықтасады. Егерде бұл кездесуде жерлесіміз жеңіске жетсе, кейін ресейлік Денис Лебедевпен негізгі титул үшін тартысуы әбден мүмкін.

Қанат Ислам қаңтар айында шаршы алаңға қайта оралатынын айтқан. Қарсыласы әзірге белгісіз. Жақында ғана қазақстандық боксшылар Бақтияр Эюбов пен Руслан Мадиев те өздерінің жекпе-жектерінде жеңіске жеткен болатын. Жалпы, қазақстандық кәсіпқой боксшылардың бастамасы әзірге жаман емес. Ең бастысы – дұрыс промоутер тауып, өзінің еңбегіне қолайлы жалақы алу. Себебі кәсіпқой бокс деңсаулыққа көп зиян келтіретін спорт түрі. Соған қарамастан, көптеген жерлестіріміз ағылшын тілін білмесе де, өз-өзін көрсету үшін Америка, Африка және Еуропа елдеріне кетіп жатыр. Олардың үлкен жетістіктерге жетуіне біз тілектеспіз!

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или