Илья Ильин: «Мен Қазақстанның қазіргі әнұранын шырқауға міндетті болдым»

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин РФ Президенті кубогы өткен Грозный қаласынан оралды.

Tengrinews.kz сайтының мәлімдеуінше, Ильин турнирде әлем рекордын орнатуды жоспарлаған. «Оңай болып жаста қол жеткіземін деп ойладым. Егер рекорд жаңарту қиын болса, жай ғана орынға таласамын деген ой болды. Дегенмен менің жағдайым жақсы болды, үзіліс кезінде өзімді жайлы сезіндім. Нәтижесін білесіздер», - деді спортшы.

Турнирді ұйымдастырушылардың марапаттау кезінде Қазақстанның ежелгі әнұранын қойып жібергені туралы пікір айта келіп, Ильин абыржымағанын жеткізді. «Бұл, әрине, дұрыс емес. Дегенмен мұндай жағдайлар болып тұрады. Мен жай ғана өз елімнің әнұранын естуге құқығым бар екенін айттым. Маған еліміздің қарап отырғанын, Қазақстанның қазіргі әнұранын шырқауға тиіс екенімді жеткіздім. Спортшыларға мұндай кезде абыржымауға кеңес беремін», - деді Илья Ильин.

Еске сала кетейік, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин РФ Президентті кубогында алтын медаль жеңіп алып, әлемдік екі рекорд орнатқан болатын. Спортшыны марапаттау рәсімінде Қазақстанның бұрынғы әнұраны қойылды. Бірнеше минуттық үзілістен кейін қазіргі әнұран қайта шырқалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или