«Астана» «Arabian Falcons» командасын айқын басымдықпен жеңді

«Астана» «Arabian Falcons» командасын айқын басымдықпен жеңді

«Астана» командасы бүгін, 17 ақпанда Дубайдағы оқу-жаттығу жиыны аясында «Arabian Falcons» командасымен бақылау матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Матч «Астана» командасының айқын басымдығымен өтті. Елордалық команда 6:1 есебімен жеңіске жетті.

«Астана» сапында Рамазан Каримов пен Станислав Басманов дубль авторы атанды. Ал Нұралы Жақсылық пен Усман Камара бір голдан соқты.

Өткен маусымда «Астана» командасы Қазақстан премьер-лигасында екінші орын алған болатын. Сондай-ақ Бабаян шәкірттері Конференция лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті.

Айта кетейік, астаналық ұжым бүгін тағы бір жолдастық матч өткізеді. Қарсыласы ресейлік «Краснодар» клубы. Дубайда өтетін матч Қазақстан уақыты бойынша 17:30-да басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или