Головкин мен Альварес өз белбеулерін ерікті түрде қорғай алады

Головкин мен Альварес өз белбеулерін ерікті түрде қорғай алады

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жекке қатысты шешім шығарды.

WBC ұйымының шешімімен екі боксшы өздері қалаған боксшыға қарсы белбеулерін ерікті түрде бір рет қорғай алады, сонан соң өзара жекпе-жек өткізу жайын келісуі тиіс. Ол үшін екі тарапқа да 31 мамырға дейін уақыт беріледі. Егер екі команда келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда жүргізіледі. Саудада жеңген тарап кездесуді ұйымдастырады.

«Альварес пен Головкин өз белбеулерін ерікті түрде өздері қалаған боксшыға қарсы қорғауы тиіс. Осылайша, бокссүйер қауымның екі боксшының жекпе-жегіне деген қызығушылығы арта түседі. Егер тараптар келісімге келе алмаса, сауда ұйымдастырамыз. Сонан соң WBC чемпионы белбеуіне өзара жекпе-жек өткізуден бас тартқан тарап белбеуден айрылады», - деп жазылған WBC ұйымының ресми сайтында.

Айта кету керек, Геннадий Головкин өткен жылдың қазан айында мексиколық Марко Антонио Рубиодан WBC белбеуінің уақытша чемпионы атағын жеңіп алғаннан кейін Альвареске тиесілі толыққанды чемпиондық белбеуден бірден-бір үміткер саналады.

BNews.kz материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или