«Қызылжар» черногориялық ойыншымен келісімшартқа отырды
Черногория құрамасының бұрынғы шабуылшысы Дарко Зорич жақында Қазақстанға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қызылжармен» келісімшартқа отырдым. Бір жылға. Қазір қазақстандық визаның берілуін күтіп жүрмін, содан кейін клубқа барамын», - деді Зорич Legalbet.kz порталына.
Айта кетейік, шабуылшы Зорич 2022 жылы «Қызылжар» сапында өнер көрсеткен болатын. «Оқжетпес» пен «Шахтер» командаларында да өнер көрсетті.
Ол ҚПЛ-да барлығы 75 матч өткізіп, 17 гол және 14 нәтижелі пас берді.
2023 жылдан бері ол Черногорияның «Дечич» клубында ойнайды. Зорич Черногория құрамасы сапында төрт ойын өткізіп, бір гол соқты.
Transfermarkt футболшының құнын 225 мың еуроға бағалап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или