Абат Айымбетовтің клубы жазаланды

Абат Айымбетовтің клубы жазаланды

«Адана Демирспорға» Түркия чемпионатының 23-турындағы «Галатасарайға» қарсы өткен сырт алаңдағы матч қорытындысы бойынша техникалық жеңіліс берілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын 9 ақпанда өтті. Кездесудің басында төреші Огузхан Чакыр «Адана» қақпасына пенальти белгіледі, оны «Галатасарай» шабуылшысы Альваро Мората сәтті орындады. «Адана Демирспор» басшылығы бұл шешімге қарсылық білдіріп, 31-минутта команда ойыншыларымен бірге алаңнан кетіп қалды. Келесі күні клуб президенті Бедирхан Дурак отставкаға кетті.

Түркия футбол федерациясының (TFF) мәліметінше, техникалық жеңілістен бөлек, «Адана Демирспор» үш ұпайдан айырылды. Енді клуб бес ұпаймен Түркия Суперлигасының турнир кестесінде соңғы орнында тұр. Сонымен қатар, клубтың спорт директоры Мурат Санджак 30 күнге футболдан шеттетіліп, 500 мың лира көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или