Жас спортшы Дохада алғаш рет WTA-1000 турнирінің финалына шықты

Жас спортшы Дохада алғаш рет WTA-1000 турнирінің финалына шықты

Бүгін Дохадағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалдық матчтар өтті. Бірінші жартылай финалда латвиялық теннисші Елена Остапенко польшалық Ига Швёнтекті сенімді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz

Америкалық Аманда Анисимова мен ресейлік Екатерина Александрова арасындағы екінші жартылай финалдық кездесу бір жарым сағатқа созылды.

Енді финалда Анисимова латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі. Ол осы турнирдің қазіргі чемпионы, 1/4 финалда қазақстандық Елена Рыбакинаны жарыстан шығарған Ига Швёнтекті жеңді.

Остапенко Дохадағы финалда 2016 жылы ойнаған. Ал жас америкалық теннисші алғаш рет WTA-1000 сериясындағы турнирдің финалына шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или