«Қайрат» қатарынан жетінші матчта жеңіске жете алмады
«Қайрат» Түркияның Белек қаласындағы оқу-жаттығу жиыны барысында ресейлік «Химкимен» бақылау матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл кездесуде «Қайрат» 0:2 есебімен жеңіліп қалды. «Химки» сапында Дани Фернандес және Илья Садыгов гол соқты.
Осылайша, «Қайрат» жаңа маусымға дайындық аясындағы жеңіссіз сериясын жалғастырды. Бұған дейін алматылық клуб екі рет тең ойнап, төрт рет жеңіліп қалған болатын. Олар босниялық «Борацпен» (0:0) және грузиялық «Самгуралимен» (1:1) тең түссе, «Иберия 1999» (0:1), ресейлік «Пари НН» (2:4), «Динамо» Махачкала (0:1) және «КамАЗ» (2:4) клубтарына жол берген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или