Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің финалына шықты

Жібек Құламбаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W35 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Жібек — италиялық Николь Фосса Уэрго жартылай финалда ресейліктер Анастасия Гасанова — Анастасия Гурьевамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық- италиялық жұп бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті. Екінші сетте де сол қарқынын жоғалтпады — 6:3.

Құламбаева — Уэргоның финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или