Азиада-2025: Қазақстан құрамасы жалпы есепте төртінші орын алды

Бүгін Харбиндегі (Қытай) ІХ қысқы Азия ойындары аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz
Қазақстан ұлттық құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 4-орыннан көрінді.
Бұл Азиада Қазақстан құрамасы үшін сәтті бола қоймады. Ұлттық құрама тарихындағы ең төменгі нәтиже тіркелді. Бұған дейін кемі 6 алтын (2007 жыл) алғанбыз. Бұл жолы 4-і ғана бұйырды.
Спортшыларымыздың Азия ойындарындағы ең үздік көрсеткіші 2011 жылы, Алматыда өткен ойындарда тіркелді. Ол уақытта біздің команда 32 алтын медаль иеленген болатын.
2025 жылғы қысқы Азия ойындарының жабылу салтанаты бүгін, сағат 17:00-де өтеді. Тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көре аласыздар
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или