Е.Қанағатов: «Қазірдің өзінде ел спортшылары 43 лицензияға иелік етті»

Е.Қанағатов: «Қазірдің өзінде ел спортшылары 43 лицензияға иелік етті»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов бүгінге дейін қазақстандық спортшылар 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадаға 43 лицензия ұтып алғандығын мәлім етті.

«Бүгінгі жағдай бойынша біздің спортшыларымыз спорттың 10 түрінен 43 лицензия ұтып алды. Бұл жерде біз жоспардан алда келе жатырмыз. Өйткені, жоспар бойынша спортшыларымыз қазіргі кезге дейін 40 лицензия иеленуі тиіс еді. Сонымен қатар, бұл тізімге біз велоспортшыларымызды қоспағанбыз. Ал олар қазірдің өзінде 2, ал жақын арада тағы үш лицензияны қоржынымызға салуға қауқарлы», - дейді Елсияр Баймұхамедұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Жазғы Олипиада ойындары Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында келер жылдың 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или