Рыбакина Дохадағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында Швентекке есе жіберді

Рыбакина Дохадағы WTA 1000 турнирінің ширек финалында Швентекке есе жіберді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 13 ақпанда Дохада өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі өнерін аяқтап, ширек финалда әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Ига Швентектен жеңіліп қалды. Кездесу 2:6, 5:7 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Матч 1 сағат 36 минутқа созылды. Рыбакина үш эйс жасап, төрт бір брейк-пойнттың біреуін пайдаланды, бір қос қателік жіберді. Ал Швентек бір эйс пен бір қос қателік жасап, сегіз брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Рыбакина жеңілгенімен, екінші сетте айтарлықтай қарсылық көрсете білді, алайда партияны тайбрейкке дейін жеткізе алмады.

Турнирдің қазіргі чемпионы Ига Швентек енді жартылай финалда Онс Жабер (Тунис) - Елена Остапенко (Латвия) кездесуінің жеңімпазымен ойнайды. Дохадағы турнир 9-15 ақпан аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или