Дохадағы WTA 1000 турнирінің алғашқы жартылай финалисі анықталды
Әлемнің 26-ракеткасы, ресейлік теннисші Екатерина Александрова WTA-1000 турнирінің Дохада (Катар) өткен 1/4 финал матчында әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуланы жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Матч 4:6, 6:1, 6:1 есебімен аяқталды.
Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды.
Келесі кезеңде Екатерина Александрова украиналық Марта Костюк пен америкалық Аманда Анисимова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Дохадағы турнир 9-15 ақпан аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или