Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Жібек Құламбаева Түркиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W35 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші италиялық Николь Фосса Уэргомен бірге бастапқыда болгариялық Денислава Глушкова — словакиялық Виктория Морвайованың мысын басты — 6:1, 6:3.

Ширек финалда қазақстандық-италиялық жұп Италия өкілі Альессандра Маззола — румыниялық Андрея Пришакарудан айласын асырды — 6:3, 6:4.

Бәсеке бір сағат 18 минутқа созылды.

Құламбаева — Уэрго финалға шығу үшін ресейліктер Анастасия Гасанова — Анастасия Гурьевамен таласады. Бұл дуэт ширек финалда болгариялық Лия Каратанчева — ресейлік Ксения Ласкутованы жолдан тайдырды — 6:7 (5:7), 6:3, 4:10.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или