Софья Самоделкина Азия ойындарында 4 орын алды

Софья Самоделкина Азия ойындарында 4 орын алды


Бүгін Харбин қаласында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы Софья Самоделкина еркін жаттығуда танымал әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген орындаған (Ave Maria, Stranger) әндерге өнер көрсетіп, 125.12 балл еншіледі. Кешегі қысқа бағдарламаны қосқанда (63.31 балл) барлығы 188.43 ұпаймен 4-сатыға жайғасты.

Ал София Фарафонова еркін бағдарламада 79.64 ұпай алды. Қоссайыс нәтижесінде 125.27 ұпаймен 10-орында қалды.

Мұнда Оңтүстік Корея Ким Чиён чемпион атанды. Бейжің Олимпиадасының 2 дүркін жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионы Каори Сакамото (Жапония) күміс, тағы бір апониялық Хана Йошида қолаға қол жеткізді.

Айта кетейік, бүгін барлығы 25 спортшы алғашқы өнерін ортаға салды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или