Керлингтен Қазақстан құрамасы шешуші матчта жеңіліп қалды

Керлингтен Қазақстан құрамасы шешуші матчта жеңіліп қалды


Бүгін IX қысқы Азия ойындарында кёрлингтен еліміздің ерлер құрамасы А тобындағы соңғы ойынында күтпеген жерден Қытайдың Гонконгынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Есеп: 5-8. Біздің спортшылар кездесуді сәтті бастаған. Алайда 6-шы және 7-эндте қарсыласқа есе жіберіп, басымдықты уыстан шығарып алды.

Біздің команданың құрамы: Абылайхан Жүзбай, Айдос Аллияр, Әділ Жұмағожа, Арман Ирджанов (Ермек Мұсайынов резервте)

Өкінішке қарай, осыған дейін топта Филиппин мен Оңтүстік Кореядан ұтылған командамыз плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или