Елена Рыбакина өзіне арнап YouTube-арна ашты

Елена Рыбакина өзіне арнап YouTube-арна ашты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина YouTube-арнасын ашты, деп хабарлайды Prosports.kz

Танымал теннисші бұл жаңалығымен Instagram-stories арқылы бөлісіп, профилінің сипаттамасына сілтеме қосты.

YouTube-арнасы 10 ақпанда тіркелген, ал жарияланған сәтте онда тек бір ғана «Shorts» форматына түсірілген бейнежазба бар. Видеода Рыбакина итін ертіп, велосипед тебуде.

«Сәлем! Жаңа YouTube-арнама қош келдіңіздер! Мұнда мен өз өмірімнің сәттерімен – жаттығуларыммен, сапарларыммен және басқа да қызықты жайттармен бөлісемін. Кадрдан тыс қалған сәттерді көру үшін жазылыңыздар», – делінген бейнероликтің сипаттамасында (ағылшын тілінде).

Профильдің жоғарғы бөлігінде: «Теннис. Сапарлар. Корттан тыс өмір» деп жазылған. Қазірдің өзінде арнаға екі мыңға жуық адам жазылып үлгерді, әрі бұл сан күн сайын артып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или