Рыбакина Дохадағы «мастерс» турниріндегі күресін жалғастырады

Рыбакина Дохадағы «мастерс» турниріндегі күресін жалғастырады

Қазақстанның бірінші ракеткасы WTA 1000 санатындағы Qatar Total Open турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің жетінші ракеткасының үшінші айналымдағы қарсыласы Словакия өкілі Ребека Шрамкова (WTA рейтингінде №46) болды.

Кездесу қазақстандық теннисшінің жеңісімен аяқталды (7:6 (7:1) 6:2).

Дохадағы «мастерс» турнирінің жартылай финалына шығу үшін Елена әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швёнтек пен чехиялық Линда Носкова (WTA рейтингінде №33) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Фото: WTA

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или