Азиада-2025: мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада төртінші орын алды
Харбинде (Қытай) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы қысқа бағдарлама бойынша жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасынан медаль үшін Софья Самоделкина мен София Фарафонова таласуда.
Самоделкина төрешілердің шешімі бойынша 63,31 ұпай алды. Бұл нәтиже оған аралық төртінші орынға жайғасуға мүмкіндік берді.
Фарафонова болса 45,63 ұпай жинап, қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша сегізінші орынға тұрақтады.
Көшбасшы атанған – атақты жапондық спортшы Каори Сакамото, ол 75,03 ұпай еншіледі.
Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.
Сурет: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или